"Бүгін нүктесін қояйықшы". Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін өзіне қойылатын сұрақтарға жауап берді

"Бүгін нүктесін қояйықшы". Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін өзіне қойылатын сұрақтарға жауап берді
Фото: instagram.com/bidash_official?

Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында актер Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін өзіне қойылатын сұрақтарға бір жола жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі ажырасуға қатысты сұрақтардан шаршап кеткенін жеткізді.

"Достар, шыны керек осы сұрақтардан шаршап кеттім. Бүгін нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда "ажырасып кетемін" деп ойламайды. "Соңына дейін сол жанмен бірге бақытты боламын" деп ойлайды. Тағдыр емес. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек уакытында тоқтады. Ажырасу кімге болсын оңайға соқпайды. Депрессияда болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да моральды тұрғыда оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек депрессияда жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім. Аяқтан тұру үшін кәсіп тренингтерге бардым. Сол кезде бір кәсіп-жаттықтырушы ақыл-кеңестерімен алға жылжуға шабыттандырған болатын. Ол кісі оқиды ма жоқ па білмеймін, сол кісіге алғыс айтқым келеді… Осындай кезде жақындардың, жаныңда дұрыс кеңес беретін, жол көрсететін, қолдау көрсететін адамдар болуы маңызды өз қалпыңа келгенше"

Тағы да оқи отырыңыздар: Эйджизм деген не?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә