Бүгін – мұғалімдер күні

Бүгін – мұғалімдер күні
Фото: ru.freepik.com

Бүгін Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – мұғалімдер күні, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

"Ұстазсыз шәкірт тұл" деген сөз бекер айтылмаса керек-ті. Өмір көгіне қанат қағатын көгершіндердің қанатын қатайтатын да, оған дұрыс бағыт-бағдар беретін де ұстаз. Әлем елдерінде ұстаз мәртебесі ұлықталып, оны ең абыройлы мамандықтардың бірі есебінде насихаттайды. 

Қазақстанда 2023 жылы мұғалімдер күні мерекесі нақты 5 қазанға бекітілді. Осы уақытқа дейін мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден аса елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні – ең ерекше мерекелердің бірі. Осы орайда massaget.kz сайтының ұжымы білім нәрімен сусындатып жатқан барша мұғалімді келе жатқан төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан