Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында Конституциялық соттың парақшасына сілтеме жасап бөлісті.
"Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайда Конституциялық комиссия құрылатыны белгілі болды.
Президенттің айтуынша, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!