Синоптиктер 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап
Бүгін республикада найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, тұман түседі. Болжам бойынша, күндіз Алматының солтүстігінде, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қаласында күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
1 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.
Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.