Қазгидромет бүгін, 15 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін, түнгі сағаттарда тұман және үсік жүретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын, кейде қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін барады, күндіз батыстан, оңтүстіктен шаңды дауыл соғады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік шығысында, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттардан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +2+4 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік, күндіз +16+18 градус болады.
Ал Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +21+23 градус болады.
Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші - 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16 градус, күндіз +31+33 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!