Бүгін Қазақстанда мемлекеттік басты мерекелердің бірі - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні аталып өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы тұрады.
Сұрапыл соғыс КСРО жеңісімен аяқталды. Фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге 1945 жылы орталық еуропалық уақыт бойынша 8 мамырда сағат 22:43-те (Мәскеу уақыты бойынша 9 мамырда 00:43-те) Берлиннің іргесіндегі елдімекенде қол қойылды. Тура осы уақыт айырмасына байланысты Жеңіс күні Еуропада 8 мамырда, ал КСРО-да, одан кейін ТМД елдерінде 9 мамырда аталып өтеді.
Жеңіс Күні құрметіне орай, дәстүрлі түрде Қазақстанның барлық ірі қалаларында мерекелік шаралар өткізіледі.
8 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!