Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда алғаш рет Әкелер күні атап өтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Үкімет қаулысына сәйкес биылдан бастап Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелерімен толықты. "Аналар күні" мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде, "Әкелер күні" мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Жаңа мерекелер отбасы институтын нығайтып, аналарымыз бен әкелерімізді құрметтеуге септігін тигізері сөзсіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!