Бүгін қай өңірде қар жауады? Қазгидромет ауа райы болжамын ұсынды

Жексенбі, 18 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Елдің шығысында жаңбыр мен қар жауады, ал батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік пен орталықтың кей жерлерінде тұман болады деп болжанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 15-17 градус жылы.

Қызылорда – бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде 5-7 градус үсік жүреді, күндіз 14-16 градус жылы.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.

Атырау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан бағытын ауыстырып, солтүстік-батыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.

Павлодар – бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты құбылмалы, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылы.

Семей – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 5-7 градус жылы.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-шығыстан бағытын ауыстырып, солтүстік-батыстан 5-10 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 4-6 градус жылы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!