i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог, психолог Анна Быкова ата-ана балаға тәуелсіз, өз бетімен шешім жасай алатындай қасиетті беру керегін және дербес тұлға ретінде тәрбиелеу туралы айтады. Сондай-ақ ол неліктен перфекционист-ана болғаннан гөрі "еріншек ана" болған дұрыс екенін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған еді. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 25 маусым сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Дербес бала" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Сондай-ақ арт-терапевт Анна Быкова "Ленивая мама" атты бала тәрбиесіне арналған кітаптар сериясының авторы.
Жүргізуші - журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары Махаббат Есен.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина.