Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Тек оңтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 15-20 м/с.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Атырау, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: bnews.kz