Синоптиктер 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап. Метеорологтардың хабарлауынша, бүгін, 18 наурызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлеріндежауын-шашынжауады. Тек республиканың оңтүстігінде күн ашық болады. Кей жерлерінде тұман,көктайғақ,желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр, күндіз жекелеген аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы, Жамбыл, Ақмолаоблыстарының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман, таңертен және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейюі ықтимал. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел күші секундына 15-20 метр, түндетұман болады, - деп ескертті мамандар. Сонымен қатар, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді - секундына 15-20 метр. Атырау, Ақтөбе, Қостанайоблыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел, Қостанай облысының жекелеген аудандарында көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріндекөктайғақ, түнде тұман болады. Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Дереккөз:kaz.tengrinews.kz