Қазақстан аумағының басым бөлігінде 18 шілдеде ауа райы тұрақсыз, дегенмен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Павлодар облыстарында аптап ыстық сақталады, - деп хабарлайды Baq.kz порталы.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі аса жоғары.
Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеген.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 /с.-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, 15-20 м/с. жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі.
Күндіз Жамбыл облысында аптап ыстық болады. Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да күндіз аптап ыстық, кей жерлерде өте ыстық болады.