- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бүгін ел аумағының...
Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді - Қазгидромет
Қазгидромет 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. ҚР қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте дауыл, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.
Күндіз Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +4+6 градус, күндіз +16+18 градус болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +21+23 градус, күндіз +31+33 градус болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +19+21 градус, күндіз +29+31 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова