9 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, солтүстікте қар жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болса, солтүстікте бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының тау және таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!