- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бүгін ай тұтылады...
Бүгін ай тұтылады
Бүгін түнде Қазақстан халқы айдың тұтылған сәтін көре алады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Андрей Солодовник мәлімдеді.
"Өткенге көз жүгіртетін болсақ, ай тұтылу құбылысы болмағанына біраз болды. Соңғы толық тұтылу алты жыл бұрын орын алды. Тамыздың 7-сінен 8-іне қараған түні бізге тосын сый болмақ. Әзірге жартылай болса да. Жартылай дегенім, бұл түні жердің көлеңкесі Айдың жартысын жауып қалады. Яғни түн басталған кезде Ай толық болады, бірақ құбылыс дами келе, оның үлкен бөлігі "жоғала" бастайды",– деді Солодовник Sputnik Қазақтанға берген сұхбатында.
Андрей Солодовниктің айтуынша, тамыз айы – ерекше ай болмақ, өйткені тұтылу түні қосымша тосын сыйлар да болуы мүмкін.
"Ең алдымен, бірден бірнеше белсенді метеорлық ағынмен байланысты тамаша жарқын метеорлар болуы мүмкін. Олардың арасында ең бастысы – атақты Персеидтер. Дегенмен, бұл басқа оқиға. Бірақ осыған байланысты сәтті жіберіп алмаңыздар",– деді Солодовник.
Ж. Жұмағұлов