Қазгидромет синоптиктері 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада сенбіде күн бұлтты болады, түнде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метрге, күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 5-7 градус, күндіз 3-5 градус аяз болады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында боран болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні секундына 9-14 метрге жетеді, облыстың солтүстігінде, батысында секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20 метр болады. Ал облыстың солтүстігінде жел екпіні секундына 23-28 метр болады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус, облыстың шығысында 13 градус, күндіз 0-5 градус, ал облыстың шығысында 8 градус аяз болады. Көкшетауда көшпелі бұлт болады, жауын-шашын жаумайды. Күндіз жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 9-14 метр болады. Таңертең және түстен кейін екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 1-3 градус аяз болады.
Алматыда 7 қаңтарда көшпелі бұлт болады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні секундына 0-5 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, секундына 9-14 метрге жетеді, кейін ол оңтүстік-шығысқа ауысады. Түнде ауа температурасы 2 градус аяз, 3 градус жылы болады. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 6-11 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 2-7 градус аяз болады. Қонаевта көшпелі бұлт болады, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.
Түнде солтүстікте, орталықта, Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, күндіз оңтүстікте, орталықта аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 9-14 метр болады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 1 градус жылы, 4 градус аяз болады, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 9-14 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады. Ал солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 2-7 градус аяз болады. Талдықорғанда көшпелі бұлт, түнде жауын-шашын болса, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт болып, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 8-13 метр болады, ал күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады.
Түнде тауда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ал таңертең және түстен кейін оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктерінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағыттан соғып, екпіні 8-13 метрге жетеді. Күндіз батыста, оңтүстікте, таулы және тау бөктерінде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, облыстың солтүстігінде 1 градус аяз, күндіз 10-15 градус, облыстың солтүстігінде 6 градус жылы болады. Түркістанда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғады, екпіні 8-13 метр болады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 12-14 градус жылы болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың солтүстігінде боран соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 9-14 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 17-22 градус болады, облыстың оңтүстігінде 4 градус, облыстың батысында 7-12 градус аяз болады. Оралда көшпелі бұлт болып, түнде қар жауып, боран соғады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 20-22 градус аяз болады.
Атырау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, боран соғады. Түнде және күндіз ауа температурасы 3 градус аяз, 2 градус жылы, облыстың солтүстігінде 6 градус аяз болса, күндіз одан әрі төмендейді. Атырауда көшпелі бұлт болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай екпіні секундына 9-14 метрге ауысады, күндіз екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус жылы, күндіз одан әрі төмендейді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде секундына 9-14 метр, күндіз 15-20 метр, облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 23 метр болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 3-8 градус жылы болады. Ақтауда көшпелі бұлт болып, кейде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 метрге, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 3-5 градус, күндіз 6-8 градус жылы болады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстік жартысында боран соғады. Батыста, солтүстікте, облыстың орталығында көктайғақ болады.
Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар, күндіз көп бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Боран соғады. Облыстың орталығында көктайғақ болып, тұман түседі. Түнде ауа температурасы 8-13 градус, облыстың оңтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 4 градуса аяз, 1 градус жылы болады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14 метр болады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 градус, облыстың шығысында 13 градус, күндіз 2-7 градус, облыстың шығысында 10 градус аяз болады. Қарағандыда бұлтты болады, түнде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 6-8 градус, күндіз 3-5 градус аяз болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында қарлы боран, күндіз көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 9-14 градус, облыстың шығысында 18 градус, күндіз 1-6 градус, облыстың солтүстік-батысында 9 градус аяз болады. Петропавлда бұлтты болып, қар жауып, боран соғады.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, ал күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде боран болады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус, облыстың солтүстігінде 15 градус, күндіз 1-6 градус, облыстың шығысында 8 градус аяз болады.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 9-14 метр. Күндіз батыста, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 3-8 градус аяз, күндіз 2 градус аяз, 3 градус жылы болады. Жезқазғанда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, секундына 5-10 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен қар) жауады. Боран, көктайғақ болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғып, екпіні 9-14 метрге жетеді, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, облыстың шығысында 12 градус аяз, күндіз 3 градус аяз, 2 градус жылы, облыстың шығысында 8 градус аяз болады. Өскеменде бұлтты болып, жауын-шашын (негізінен қар) жауады, боран соғып, көктайғақ болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (негізінен қар), боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғып, екпіні 9-14 метрге жетеді, батыста, орталықта, оңтүстікте секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, облыстың шығысында 12 градус, күндіз 0-5 градус, облыстың шығысында 9 градус аяз болады. Семейде бұлтты болып, түнде және таңертең жауын-шашын (негізінен қар) жауады, боран соғады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғады, секундына 7-12 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз болады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 6-11 метрге жететін жел соғады. Түнде ауа температурасы 2 градус аяз, 3 градус жылы, күндіз 6-11 градус, облыстың солтүстігінде 3 градус жылы болады. Қызылордада күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыс соғатын жел секундына 6-11 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 метр, таулы аймақтарда секундына 15-20 метр болады. Түнде ауа температурасы 1 градус аяз, 4 градус жылы болса, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 6 градус аяз, күндіз 6-11 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 4 градус аяз, 1 градус жылы болады. Таразда бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 9-11 градус жылы болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!