Қазақстанның басым бөлігінде 22 наурызда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жел жаяу бұрқасын болады.
Тек оңтүстік-батыста ғана жауын-шашынсыз, - деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерінде соққан желдің күші 15-20 м/с.-ге жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-23 м/с, түнде шаңды дауылмен күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, түнде және таңертең желдің күші 15-20 м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз Жаланашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с.-ге жетеді.
Дереккөз: inform.kz