"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"20 шілдеде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеоәсерлердің (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін", - делінген хабарламада.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауа сапасы тек Алматы қаласында нашарлайды. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.