"Қазгидромет" РМК бүгін Алматыда ауа ластанатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"2022 жылғы 17 шілдеде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.