- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бүгін 12 өңірде...
Бүгін 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 20 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады.
Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, орталығында бұрқасын болады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында жел 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 23 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с жел күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова