Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады. Бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Қазақстан тарихында бұған дейін де вице-президент қызметі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл лауазымды 1991-1996 жылдар аралығында Ерік Асанбаев атқарған. Ол - мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстанның тұңғыш вице-президенті.
Кейін бұл қызмет таратылып, Ерік Асанбаев Қазақстанның Германиядағы елшісі болып тағайындалды.
Ерік Асанбаев 2004 жылы 23 тамызда өмірден өтті. 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерік Асанбаев пен басқа да көрнекті тұлғалардың есімі еліміздің тарихында ерекше орын алуға тиіс екенін айтқан еді.
20 қаңтарда Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Ұлттық құрылтайда Президент маңызды мәлімдемелер жасады.
"Сөз Қазақстан Республикасының вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің келісімімен қарапайым көпшілік дауыспен Президент тағайындайды. Оның өкілеттігін Мемлекет басшысының өзі айқындайды", - деді Тоқаев.
Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!