Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде аяқталып жатқан жылды қорытындылап, биыл отбасына арналған жыл болғанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2023 жылдың қаңтары шаңырақ көтеруімізден басталып еді. Міне 2023 жылдың желтоқсаны кішкентай періштемізді қолымызға ұстап, 1 айға толған мерекесін тойлаумен аяқталып жатыр. Аллаға сансыз шүкір! 4-еу түгел болып, бұдан да көбейіп жылдан жылға аман-есен жете берейік. Баршаңызға тек бақыт тілейміз. Армандарыңыз орындалсын. 2024 жыл тәтті, сәтті жыл болсын! Ізгі тілекпен, Райымбектің отбасы", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнерлі отбасына жылы лебізін арнады.
"Алла бақытты нәсіп ете берсін", "Ең бақытты жанұя болыңыздар әрдайым!", "Шынайы бақыт, күлкі, жанұя - барлығын бір картина жеткізіп тұр", "Аллам бар бақытын, берекесін үйіп-төгіп берсін! Қос құлындарыңыздың қызығын көріңіздер!!! Бақытты болыңыздар!!", "Барша қыздарға осындай бақ берсін!", "Саналы, салиқа ұрпақтарыңыз көп болсын", - дейді олар.
Айта кетейік, жуырда ғана Ерке Есмахан екінші сәбиін дүниеге әкелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!