Бұдан былай пластик пакет қолдануға тыйым салынады

Бұдан былай пластик пакет қолдануға тыйым салынады
Фото: depositphotos.com

Өзбекстанда 2027 жылдан бастап полиэтилен пакеттерін өндіруге, әкелуге және пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл бастама 2025-2027 жылдарға арналған пластикпен ластануды азайту жөніндегі ұлттық бағдарламаның жобасына енгізілген. Заң 2027 жылы қабылданбақ.

Пластикалық пакетке балама ретінде экологиялық таза (биологиялық ыдырайтын) пакеттерді пайдалануды ынталандыру ұсынылды.

Сондай-ақ пластмасса бұйымдарын өндіруде қауіпті химиялық заттарды қолдануды қысқарту және қаптамадағы қайта өңделген пластиктің үлесі үшін коэффициент енгізу көзделіп отыр.

Құжат 2025 жылғы қыркүйекке дейін әзірленіп, қарашаға дейін министрлер кабинетіне енгізілуі керек.

Айта кетейік, бүгінде жүзден астам елде бір реттік полиэтилен пакеттерге толық немесе ішінара тыйым салынған.

Сонымен қатар Қырғызстан 2027 жылдан бастап полиэтилен пакеттерін өндіруді және сатуды тоқтатпақ. Пластикалық пакеттер мен бұйымдар өндірісіне тыйымды бұзғаны үшін азаматтарға 10 мың сом (шамамен 114 доллар), заңды тұлғаларға 28 мың (315 доллардан астам) айыппұл салынады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә