- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұдан былай қолдан...
Бұдан былай қолдан жасалған барлық монополия келмеске кетеді - Тоқаев
Фото:
akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қағида орнықтыратынын, қолдан жасалған барлық монополия келмеске кететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Біз "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидасын орнықтырамыз. Еліміздің жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаты - барша азаматымыздың әл-ауқатын қамтамасыз ету болмақ. Бұдан былай қолдан жасалған барлық монополия келмеске кетеді", - деді ол.
Еске салайық, бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек