Өзбекстан үкіметі 5 қарашада арнайы қаулы бекітті. Құжат ішінде жеке тұлғаларға торда ұстауға болмайтын жабайы жануарлардың тізімі бекітілген. Онымен бірге циркте жануарлардың қатысуымен қойылым қоюға да тыйым салынбақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.uz сілтеме жасап.
Жабайы жануарларды ұстауға тыйым 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енбек.
Тізімге енгізілген жануарлар зоопарктер мен питомниктерде (террариумдар, океанариумдар, серпентариумдар және т.б.), экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінен рұқсат негізінде ғана заңды тұлғалар ұстай алады.
Өзбекстанның Қызыл кітабына енгізілген жабайы және улы жануарларды тек арнайы питомниктерде ғана ұстауға рұқсат етіледі.
Егер жануарлар Өзбекстан фаунасына жатса, олар табиғи мекендеу ортасына қайта жіберілуі мүмкін. Олай болмаған жағдайда, олар елден заңнамада белгіленген тәртіп бойынша шығарылуы мүмкін екен.
Өзбекстан үкіметі азаматтарға тізімдегі жануарларды зоопарктер мен питомниктерге тапсыруға 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін уақыт бермек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда халық емшілеріне тыйым салынған еді.