“Бұдан әрі кешіктіруге болмайды“. Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты шағым түсіп жатқанын айтты

“Бұдан әрі кешіктіруге болмайды“. Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты шағым түсіп жатқанын айтты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Олжас Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылардың шағымына жауап беріп, қысқа мерзімде Stadler компаниясының жаңа вагондарын іске қосуды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жолаушылар вагондардың жай-күйіне жиі шағым айтады. Осыған байланысты премьер-министр қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып, Stadler компаниясының жаңа вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды.

"Жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар түсіп жатыр. Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Өнеркәсіп министрлігі "Қазақстан темір жолы" және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтап, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр жыл соңына дейін жаңа 215 локомотив, 1,5 мыңға жуық жүк вагоны, жолаушылар вагоны теміржол желісіне шығуын қамтамасыз етуді, биыл 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша бес жылдық бағдарламаны бекітуді тапсырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget