Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сындағы матчын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық жұп алғашқы раундта сербиялықтар Душан Лайович және Миомир Кецмановичпен кездесті.
Бублик пен Шевченко қарсыластарын 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңді.
Еске салайық, бұған дейін Бублик те, Шевченко да "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымынан әрі аса алмаған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!