- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бублик пен Шевченко...
Бублик пен Шевченко келесі аптада Астанада өнер көрсетеді
Теннистен Қазақстан құрамасы 14-15 қыркүйекте елордада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Даниямен матч өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб аталған кездесуде ел намысын қорғайтын ойыншыларды жария етті.
Қазақстан сапында Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов сынға түседі.
Дания құрамасының капитаны Фредрик Нильсен мына теннисшілерге сенім артты: Аугуст Хольмгрен, Йоханнес Ингилдсен, Эльмер Меллер, Филипп Херт және Кристиан Сигсгаард.
Дания құрамында әлемнің 15-ракеткасы Хольгер Руне жоқ.
Ойындар Астанада хард төсенішіндегі корттарда болады. Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Қазақстан – Дания кездесуінің жеңімпазы 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан