Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Лионда (Франция) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бублик ширекфиналдық кездесуде әлемнің 57-ракеткасы ресейлік Павел Котовты 6:7 (4:7), 7:6 (7:4), 6:3 есебімен ұтты.
Лиондағы жарыстың финалына шығу үшін Бублик Джованни Мпетчи Перрикард (Франция) шеберлік байқасады. Қазақстандық теннисші үшін бұл - карьерасындағы жекелей сын бойынша топырақ төсенішіндегі ATP турнирінің алғашқы жартылай финалы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!