Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!