Бішкекте Қазақстан азаматы ірі сомаға алданып қалды. Бұл туралы Октябрь аудандық ІІБ баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды 24.kg.
Ведомство мәліметінше, 17 наурызда қазақстандық әйел милицияға жүгінген. Оның сөзінше, ақпанда бір әйел "Орто-Сай" базарында киім тігемін деген сылтаумен 24 миллион 779 мың сомын алып, жоғалып кеткен.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабы "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Кейін оқиғаға қатысы бар 32 жастағы күдікті ұсталған. Сот шешімімен ол 1 айға тергеу изоляторына қамалған.