Желіде некені тіркеу үшін АХАЖ-ға динозавр киімін киіп келген жұптың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерекше рәсімнің видеосын Бішкек тұрғыны Владимир Цай Facebook парақшасында жариялаған. "Юра дәуіріндегі АХАЖ" деп жазған видео авторы. Ерлі-зайыпты бұл шешіміне қатысты пікір білдірмеген.
Желі қолданушыларының жартысы жұпқа бақыт тілесе, енді бірі мұндай шешімді мүлде түсінбейтінін жеткізген.
"Оларға айыппұл салына ма? Кейінгі уақытта бұл сәнге айналды ғой".
"Өзгеше. Керемет. Жарайсыңдар. Көп жыл бойы есте қалады".
"Неге кимеске?! Қызықсыз, адам зеріктіретін дәстүрлер кімге керек?! Біз барлық таптаурынды бұзып, өз қалауымызбен істеуіміз керек, бірақ, әрине, заң аясында. Батыл болғандарыңа құрмет!" - деп жазған олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз