Бішкекте Ақ үй ғимараты маңында қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға алаңдаушылық білдіргендер митинг өткізіп жатыр, - деп хабарлайды АКИpress.
Басылым мәліметінше, митингке Жоғары Кеңес депутаты Сұлтанбай Айжігітов те шыққан. Жиналғандар адамдарды суретке түсірмеуін талап еткен. Олардың айтуынша, мұны Тәжікстан жағы көруі мүмкін.
Жоғары Кеңестен шыққандар жиналғандарға шекарадағы жағдай бойынша Парламент отырысы өтіп жатқанын хабарлаған. Олар жиналғандардың сөздерін жеткізгендерін айтқан. Депутаттар бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатқанын, гуманитарлық көмек жиналатынын жеткізген.
Митингіге шыққандар саны 100-ге жуық адам болған. Олар биліктен шекарадағы жанжалды тезірек шешуді талап еткен. Ал Первомай ауданының ІІБ қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.
Митингіге шыққандардың бірі шекара маңындағы ауылдардың тұрғындарын эвакуациялауды талап еткен, сондай-ақ, жиналғандарды тәртіпке шақырған.
Айта кетейік, 14 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында қару қолданылған қақтығыс басталған болатын. Атыс Бұлақ-Басы, Көк-Сай, Паски-Арық деген жерлерде болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!