Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға қалай әсер етіп жатқанына қатысты ғылыми зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз өзіміздің ең үздік институттарымызды тартамыз - география институтымыз өте жақсы, ол осы мәселелермен айналысады, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің физиология мен медициналық бөлігіне қатысты бірнеше институттар қатысады. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖСТК) өз отырысын өткізіп, бұл тақырыпты талқылауға шығарады. Егер қолдау тапсақ, онда бірден конкурс жариялап, зерттеу жұмысын бастаймыз. Зерттеу консорциум арқылы жүргізіледі", - деді министр.
Министр зерттеуге бөлінетін қаржының нақты көлемін атамады.
"Бөлінген қаражат сомасы туралы нақтылау керек, бірақ оның көлемі үлкен емес. Алдымен зерттеуге жалпы лимитті анықтап, содан кейін конкурс процедуралары - ғылыми кеңестер, өтінімдер және басқа да рәсімдер жүргізіледі", - деді Саясат Нұрбек.
Еске салсақ, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бірақ тұрғындардың басым көпшілігі бірыңғай уақыт белдеуі кері әсер етіп жатқанын айтып, петиция жинады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!