Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі МӘМС қоры жүйесіне ауыстырылып, Қазақстанның әр азаматын есепке алуды жүргізетін болады, - деп хабарлады primeminister.kz сайты.
«Бүгін біз есепке алу мен МӘМС жүйесіне қаржыландыру қалай жүргізілетіндігі жөнінде ақпараттық жүйелермен таныстырып өттік. Барлық ақпараттық жүйелердің негізгі әлеуеті іске асырылған, біздің қызмет көрсетіп жүргенімізге бірнеше жыл болды. Бізде медициналық қызметтерді өтеу комитеті бар, ол Қазақстан ішіндегі барлық жағдайды әкімшіліктендірумен айналысады, төлем сол арқылы жүзеге асырылады. Қор оның «қабылдаушысы» болады, және осы комитетте жұмыс істейтін даярланған мамандар қордың қызметкерлеріне айналады», - деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы базасында ДСӘДМ ақпараттық жүйелерімен таныстыру жөніндегі отырыс барысында.
Вице-министр түсіндіріп өткендей, бүгінгі таңда Қазақстан азаматының ауруханаға әр жатқызылуы электронды порталға енгізу арқылы іске асырылады, яғни, жоспарлы медициналық көмек алған барлық азаматтар осы ақпараттық жүйе арқылы өтеді. Осылайша, аталған жүйе қор жүйесіне ауыстырылып, әр азаматтың есебін жүргізетін болады.Сонымен қатар, жүйені таныстыру барысында ақпараттық жүйенің МӘМС қоры арқылы қаржыландыруға 90% дайын екендігі мәлімделді.
«Осы ақпараттық жүйе әлеуметтік маңыздағы ауруларды ақпараттық режимде қаржыландыруға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
Айта кету керек, күн сайын еліміздің ауруханаларына шамамен 6 мың науқас келіп түседі, шамамен 300 мың күнделікті келіп тексерілу, және осының бәрі бірыңғай ақпараттық жүйеге тіркеліп, басқарылады, соның негізінде МӘМС қорының қаржыландыруы жүргізіледі.Отырыс барысында, сондай-ақ, «Төлемдерді ұйымдастыру мен өңдеу» ақпараттық жүйесінің «Жарналар мен төлемдерді жинақтау» модульінің функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды.Көрсетілген ақпараттық жүйелер жарналар мен аударымдардың айқын есебімен қамтамасыз етеді, ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында сақтандырылған тұлғаларды есепке алуды және МӘМС қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.