- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Біртанов ісі бойынша...
Біртанов ісі бойынша экс-премьер мен министрлер сотқа шақырылады
Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Кезекті сот отырысында Елжан Біртанов келесі сот отырысына, іске куәгер ретінде бірнеше қазақстандық шенеунікті шақыруды сұрады.
- "Бақтыбек Жұмаділ - Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің жобаның бас маманы, конкурстық рәсімдерді жүргізу, өнім берушіні таңдау, келісімшарттарға, келісімдерге қол қою, келісімшарттың орындалу мерзімін ұзарту және келісімшарттарды аяқтау мәселелері бойынша;
- Марсело Бортман - Халықаралық қайта құру және даму банкінің денсаулық сақтау жобасының жетекші маманы, сол мәселелер бойынша;
- Бағдат Мусин - 2020-2022 жылдарға арналған тұғырнаманы іске асырудың жол картасын бекіту туралы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен бұйрыққа қол қою және іске асыру жағдайлары туралы, сондай-ақ басқа да денсаулық сақтауды цифрландыру жобалары іс бойынша өзекті;
- Тамара Дүйсенова - бұрынғы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, 2015 жылы интерактивті платформаны әзірлеуге конкурс өткізу, "Ericsson Никола Тесла" компаниясымен келісімшартқа отыру, оған өзгерістер енгізу және 2017 жылдың қаңтарына дейін келісімшартты іске асыру жағдайлары туралы;
- Ералы Тоғжанов - премьер-министрдің орынбасары, Хорватия Елшілігінің, "Эриксон Никола Тесла" компаниясының өкілдерімен, ICRIAP және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен 2021 жылдың қазан айында жүргізілген келіссөздердің мән-жайына сәйкес ол келіссөздердің мән-жайлары және онда қабылданған шешімдер;
- Асқар Мамин - 2020 жылғы 12 және 13 маусымда Жамбыл облысына іссапардың мән-жайына байланысты, оның ішінде санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға бағыт-бағдар беріп, қайтып оралуыма байланысты бұрынғы премьер-министр", - деді Біртанов.
Сот Біртановтың өтінішін қанағаттандырды және аталған тұлғаларды куә ретінде шақыру туралы шешім шығарды.
Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.
Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.
Г. Досымшалова