Астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, отырыс Астана қалалық сотында өтіп жатыр. Бүгін үкім шығуы мүмкін.
Еске салайық, былтыр қазан айында Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Біртановты 5 жылға бас бостандығынан шектеген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!