Балаға 1 қыркүйекте сыйланған сыйлық - естеқаларлық тосынсый. Тіпті кішкентай ғана сыйлық қуаныш сыйлап, жаңа белестің естелігіне айналады. Massaget.kz тілшісі кеңес ұсынды.
Қалай таңдау керек?
- Бюджетті бағалаңыз. Өте қымбат сыйлық алудың қажеті жоқ, өйткені мектепке дайындықтың өзі қомақты шығынды талап етеді.
- Ғалымдар зерттеуі бойынша, балалар заттай сыйлықтар көбірек қуанады. Ал әсерлі сыйлықтар (саяхат, спектакль) көбіне жасөспірімдерге ұнайды.
- Канцелярияны сыйлыққа бермеңіз. Бұл ата-анаға ыңғайлы болғанымен, бала үшін тосынсый болмайды. Сыйлық ең алдымен баланың қуаныш сыйлауы керек.
- Сыйлық балаларды ризашылық білдіруге де үйретеді. Мамандардың айтуынша, бала үшін сыйлықтың үлкен-кішісі маңызды емес, олар бәрібір қуанады.
15 сыйлық идеясы
- Жылтырақ моншақпен сурет салуға арналған жиынтық – ұсақ моторика мен шығармашылық қабілетті дамытады.
- Резеңкеден әшекей тоқу жиынтығы – бала қолөнерге әуестеніп, өзіне және достарына білезік жасай алады.
- Жарықпен сурет салу – қараңғыда арнайы қаламшамен сурет салуға болатын қызық ойын.
- Оригами жиынтығы – сүйікті жануарлардың қағаздан үшөлшемді бейнесін жасауға мүмкіндік береді.
- Антистресс ойыншық – демалуға көмектесетін жұмсақ ойыншық.
- Үстел ойындары – жеңіл әрі көңілді ойындарды бүкіл отбасы бірге ойнай алады.
- Кішкентай археолог жиынтығы – динозавр сүйектерін "қазып алып", жинауға болатын ойын.
- Кітап – бірге оқуға арналған ертегілер немесе баланың қызығушылығына сай энциклопедия (роботтар, ғарыш туралы).
- Күміс білезік – естеқаларлық әрі алғашқы әшекей болуы мүмкін.
- Мақта кәмпит жасау аппараты – баламен бірге тәтті дайындауға болатын көңілді сыйлық.
- Оятқыш – баланы мектепке өз бетімен оянуға үйретеді.
- Сүйікті кейіпкердің мүсіні – Гарри Поттер, Ninja Turtles секілді ойыншықтар.
- Әшекей жиынтық – шағын рюкзак, әмиян, стикерлер мен аксессуарлар.
- Ғылыми тәжірибе жиынтығы – мысалы, жасанды қар жасауға арналған ойыншық.
- Балаларға арналған смарт-сағат – кей мектептерде телефонға тыйым салынады, ал смарт-сағат баланың қай жерде екенін бақылауға және ата-анамен байланыста болуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек