Бірінші сынып оқушысы ата-анасының атына несие рәсімдеген

Ресейдің Томск қаласында 7 жасар қыз алаяқтарға алданып, ата-анасының атына несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Комсомольская правдаға" сілтеме жасап.

Кішкентай қыз танымал виртуалды ойынды ойнап, ақша ұтып алғаны жайлы хабарлама алған. Танымайтын адаммен сөйлесіп, ақшаны алу үшін оның нұсқаулығын орындайды. Алаяқтар одан ата-анасының ұялы телефондарын суретке түсіруді сұраған. Нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен оқушы онлайн-несие рәсімдеп, қомақты қаражатты алаяқтарға аударған.

Нәтижесінде, 460 мың рубль (шамамен 2 400 000 теңге) көлемінде ұрлық жасалған.

Еске салайық, жақында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар балаларды олардың ата-аналарының қаржылық қаражатына қол жеткізу үшін қалай алдайтынын және алаяқтықтан қалай қорғануға болатынын ұсынған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!