Танымал блогер Айжан Байзақова күйеуімен қалай танысып, шаңырақ көтергендерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің сөзінше, жарымен 2021 жылы сәуірде караокеде танысыпты.
"Құрбыларыммен қыдырып жүрдім, қызойнақ болды. Ол келді, сабырлы болды. Бізді таныстырды (қарым-қатынас мақсатында емес). Қыдырдық, кейін бөлек кеттік. Ол менің құрбыма ұнап қалды, бірақ құрбым оған ұнамады. Мен оларды қосуды ойладым. Дос ретінде араласып жүрдік. Бірге қыдырдық. Оның айтуынша, ғашық болғанын түсінген бір сәт болыпты. Ол менің ессіз екенімді түсінді. Бірақ қадам жасамады. Қарындасына қарағандай қарапты. Бірақ біз әйелдер сеземіз ғой. Бәрін өз қолыма алдым. Бірінші болып сүйіп алдым. Ол менің ессіздігіме таңғалды, бірақ бақытты екені көрініп тұрды. Қарындасыма қарағандай қарадым деген адам сол күннен бері бір елі жанымнан қалмады", - дейді ол.
Сондай-ақ, Байзақова ұлы Алан күйеуі Нұрбекпен жақсы қарым-қатынаста екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық танымал блогер Айжан Байзақова күйеуін көрсетіп, оның аты-жөнін атаған еді. Айжан Байзақованың күйеуі - Арыстан Нұрбек. Оның Instagram-дағы парақшасындағы сурет, видеоларынан бұрын спортпен айналысқанын байқауға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!