Айбек Дәдебай жаңа Құрылтайдың төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңның 11-бабына сәйкес Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған еді.
"Жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын. Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын", - деді Президент бұған дейін.
Құрылтай төрағасын сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтті. Депутаттар арасынан есеп комиссиясы құрылды. Комиссия дауыс беру барысын және дауыстарды санау үдерісін қадағалады.
Осылайша бірінші шақырылымдағы Құрылтай спикері болып Айбек Дәдебай сайланды.
Ол 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін мынадай қызметтер атқарған:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!