Алматыда ұшаққа мас күйде отырмақ болған жолаушы жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында алкогольдік ішімдіктерді ішу фактісі бойынша Н.-ға қатысты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болуы туралы ісі қаралды. (ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі.)
Соттың анықтағаны - 26 шілдеде кешке желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне "Air Astana" әуекомпаниясынан қоңырау түскенін және рейске отырғызу кезінде мас күйінде болған 2004 жылғы азаматша Н.-ді анықтады. Сонымен қатар, Н.-ның осының алдында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдікті ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Сот отырысында Н., өз кінәсін жартылай мойындап, шынымен де мас болғанын, бірақ ешкімді балағаттамағандығын, балағат сөздер айтпағанын, қоғамдық тәртіпті бұзбағанын, айыппұл төлеуге дайын екенін айтты.
Сот отырысында бортсеріктер П. мен М. сұралды. Олар Н.-ның ұшаққа отырғызу кезінде мас күйінде болғанын, аты жөнін сұрағанда жауап бермегенін, қойылған сұрақтарға ұзақ жауап бергенін, одан өткір алкогольдің иісі шыққанын және қозғалысының баяу болғанын түсіндірді. Бортсеріктердің әрекеттерімен келіспеген Н. болған жағдайды телефонына түсіре бастаған, осылайша қоғамдық резонанс туғызды.
Содан кейін, жолаушылардың тәртіпсіз мінез-құлқының алдын алу және тоқтату жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, бортсеріктер Н.-ді алкогольдік мас күйінің қызыл типіне жатқызды. Осыған байланысты, экипаж командирі ұшаққа кіргізбеу туралы шешім қабылдады.
Н.-ның өкілдері сот отырысында хаттамамен келіспейтінін айтып, соттан әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Іс материалдарында Н.-ның сол күні жеңіл алкогольдік мас күйінде болғаны туралы сарапшы дәрігердің қорытындысы бар. Іс материалдарын зерттеп, сот Н.-ның әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар деген қорытындыға келді. Осыған байланысты, сот: Н.-ды кінәлі деп танып, 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде әкімшілік жазаға тарту туралы шешім қабылдады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз