Әнші Наркенже Серікбаева ажырасу мәселесіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пікір Like" youtube-арнасына сілтеме жасап.
Өнер иесі өткен өмірі туралы да атап өтті.
"Әркімнің тағдыры әртүрлі. Өзім де ажырасқанмын. Дәл қазіргі ақылым,түсінігім болса, бірінші қызымның әкесінен ажыраспас едім. Еш адамның өміріне килігуге жоқпын", - деді әнші.
"Тағы бір азамат келіп, жүрегіңізді сұраса қандай әрекет етер едіңіз?" деген сұраққа әнші өз жауабын айтты.
"Бұл - мен үшін қиын сұрақ. Жүрегімнің түбіндегі махаббат. Мен адамға шынайы беріліп кетемін бе, ер-азаматқа барымды беріп қоятын сияқтымын. Бірден ақтарыламын. Бірақ сол өзіме таяқ болып келе береді. Мен негізі ер-азаматтың жанын жақсы түсінемін. Үмітім бар, біреу келіп сөз салса екен деп айта алмаймын. Ешкімді күтіп жүрген жоқпын. Бірақ одан да үмітімді үземін деп айта алмаймын. Алла маған қандай сый дайындайды, соны қабылдаймын",- деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!