- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бірінші күні ұсыныс...
"Бірінші күні ұсыныс жасады, екінші күні анама келді". Танымал жұп махаббат хикаясын айтты
Aii лақапатымен танымал блогер Әйгерім мен Адиль лақапатымен танымал әнші Әділбек қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы жұп "Қызық TIMES" бағдарламасында айтты.
"Үйленгеннен кейін бәрі сол қалпында қалды. Үйде барлығын әйелім шешеді. Бірақ бір-бірімізбен кеңесеміз. Ән жазғанда ең алғаш тыңдатамын. "Госпожа" әнінің тарихы бар. Aii екеуміз ұрсып қаламыз, мен үйден кетіп қаламын. Әлішер деген досыммен мейрамханада отырмыз. Маған қызықсыз болып барады. Мен көлік кілтін алып, кез келген бит қосамын да, бірден ән жазылады", - деді Әділ.
Блогердің айтуынша, екеуі ұзақ жүрмеген.
"Ұзақ жүрген жоқпыз. Бірінші күні "жұп болайық" деп ұсыныс жасады. Екінші күні анама келді де, "үйленемін" деді", - деді Aii.
Екеуі алғаш рет мейрамханада танысқан. Кейін концертте Әйгерім Әділден ән жазып беруін өтінген.
"Мен оған екі жұма хабарласып жүремін. Әр кездесуге құрбысымен шығатын еді. Бір кезде тағы бір құрбысы қосылды. Сол кезде екінші құрбысы екеумізді жеке қалдырды. Сол кезде сезімімді білдірдім де, құшақтап алдым. Үйге бара жатқанымда жаңбыр құяды. Құдайдан "менің адамым болса, қосшы" деп сұраймын. Үйге кіргеннен кейін ол маған "дос болып қалайықшы" деп жазып жіберген. Қатты күйзеліп кеттім. Сөйтіп төрт күннен кейін маған хабарласты. Сөйтіп екеуміз жүріп кеттік", - деді Әділ.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күйеу балаға неге төс тартады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек