- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бірінші жүктілігімде сәбиімнен...
"Бірінші жүктілігімде сәбиімнен айрылып қалдым". Танымал актриса көпшілік білмейтін құпиясы туралы айтты
Танымал актриса, блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы перзентінен айрылып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, ол баласынан жүктілігінің ерте мерзімінде айрылған.
"Бірінші жүктілігімде өте кішкентай мерзімінде балам түсіп қалды. Алланың қалауы солай болды…
Ал Аруды көтергенімді білгелі қорыққаннан әр апта УЗИ-ға баратынмын, Алладан аман сау туылуын әр секунд сайын тіледім. Аллаға шүкір дені сау, 12 мүшесі түгел ханшайым дүниеге келді, бірақ өте жылауық болды. Түннен таңға, таңнан кешке дейін бесікте тербетіп, қолда көтердік… Бір күні Аралдағы үйімізде таңға дейін бесік тербетіп отырып, осы "Тәтті" әнін шығардым. Жүрегімнен шығып қайта-қайта айтатынмын, Ару да осы әнді тыңдап өзіне арналғанын білгендей тыныш ұйықтайтын. Әннің құдіреті қалай ия?) Аллаға шүкір қазіргі таңда барлық кішкентайдың ең сүйікті әні деп сенімді айта аламын.
Осы әннен кейін шабытымды тоқтата алмай біраз ән шығардым", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "Өзім би, өзім қожа". Танымал актриса жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққанның қиыншылығын айтқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә