Бірінші жеткен адамға 600 доллар беретінін айтқан: жол ережесін бұзған кортеж қатысушысы ұсталды

Бірінші жеткен адамға 600 доллар беретінін айтқан: жол ережесін бұзған кортеж қатысушысы ұсталды
Фото: ІІМ

Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген кортеждің тағы бір қатысушысы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін жол ережесін өрескел бұзған кортеждің басқа да жүргізушілері жазаланып, сот шешімімен әрқайсына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған еді.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны Шымкент қаласында жүргені анықталды. Ол негізгі көліктің соңынан бірінші болып жеткен жүргізушіге 600 АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынған. Кейін кортеж қатысушылары жолдарда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, азаматтарға қауіп төндірген", - деді ІІМ өкілі.

Сот шешімімен ол да 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget