- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бірінші баладан кейін...
"Бірінші баладан кейін ұра бастады". "Меломен" тобының әншісінің бұрынғы әйелі көрген қорлығын айтты
"Меломен" тобының әншісі Ғабит Әбілдаевтың бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген "By production" youtube-арнасына берген сұхбатында бұрынғы отбасылық өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қол көтеру алғашқы баланы дүниеге әкелгеннен кейін басталған.
"Ұру, қол көтеру бірінші баладан кейін басталды. Негізі қол көтеретін еркек үшін ішудің керегі жоқ. Басында кінәні өзімнен іздейтінмін. Себебі ойымды ашық айтамын, ал оған бұл ұнамайтын. Әлеуметтік желіге бірдеңе салсам, "өшір" дейтін. Ең ауыры сол болды. "Мен кінәлімін, ойымды ашық айтқаным үшін, үндемеуім керек пе еді" деп ойлайтынмын. Артынан "қалай мен айтпаймын, егер шүйіркелесіп, ойымды жеткізе алмасам, маған қолдау білдірмесе, неге өмір сүремін" деген ой келді", - деді ол.
Әлеуметтік желіні белсенді жүргізуге экс-күйеуі ақша таба бастағасын ғана рұқсат берген.
"Туысқандарға ешқандай қарсы пікірім жоқ. Керісінше оларға разымын, олар мені қолдады. "Нұрила, әлеуметтік желіні күшті жүргізесің, әрі қарай жалғастыр" деді. Ал Ғабит блогтан ақша түсіп жатқанын көрген кезде ғана қолдады, рұқсат берді. Қырып-жойып таптым демеймін, бірақ мен жақсы табыс таптым. Шүкір, өте жақсы таптым, бірақ мен табысты "менікі" деп бөлген адам емеспін. Менің түсінігімде "Алла маған беріп жатыр әзірше, қанша уақыт беретінін Алла біледі" деген нәрсе болды. Жалпы мен өзімде ақша болса үйге беретін адаммын. ",- деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы