Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс бірінші әйелі туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында бірінші әйелімен қалай танысқанын айтып берді.
"Бірінші жеңгелеріңмен 1995 жылы үйлендік. Қазақстанның енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан, қиын кезең еді. "Қазақстан" тобында өнер көрсететін кезімді Анарбай деген жігіт болушы еді. Анарбайдың Қарлығаш деген дос қызы болды. Қарлығаш деген домбырамен өлең айтатын қыз, ол да арасында концертімізге қосылатын еді. Жеңгелерің сол Қарлығашпен біздің дайындыққа еріп келді. Дайындық кезінде таныстық, біраз уақыт араласып жүрдік, кейінірек қыз-жігіт болып жүріп бастадық. Бір жылдай жүріп үйлендік. Үлкені қызым, екіншісі ұлым - Бейбарыс. Жеңгелеріңнің аты - Мадина, тегі - Бөрібай. Менің тегім Жолбарыс болғандықтан, әдемі қосылдық деп күлетін едім", - деді сазгер.
Композитор дүниеге келген бірінші ұлының шетінеп кеткенін бөлісті.
"Ол кісі (Мадина) көп сөйлемейтін, артық әңгімесі болмады. Оның менің өнер жолымда тигізген көмегі көп болды. Бір қыз, бір ұл туып берді. Шаңырақ көтергеннен кейін бірінші дүниеге ұл келіп, оның есімін Хафиз деп қойдық. Хафиз 4 айлығында шетінеп кетті. Менің Хафиз деген туындымның анасы сол. Көпшілік Сейфуллин Жолбарыстың "Хафиз" деген туындысы, оның Хафиз ұлына арналатынын біліп жүрсінші", - дейді ол.
Әнші ажырасқан әйелімен қазір жақсы қарым-қатынаста.
"15 жыл отандастық, өзімді әлі де кінәлімін деп есептеймін. Кәнілі деп өзімді атағым келеді. Шынымды айтсам, бірінші әйелім ата-анама басынан-ақ ұнамады. Бөлек тұрдық, Мадина жеңгелерің ана-енемен бірге тұрғысы келмеді. Мүмкін ажырасқанымыздың мүмкін бір себебі осы шығар. Ол (Мадина) "кемпір-шалмен бірге тұрмаймын" деп бірден айтты. Оған менің де ата-анамның өкпесі бар шығар, себебі мен үйімнің кенжесімін, қолда мен тұруым керек. Осындай жайттар жіпке тізіле береді, ақыр соңы осындай болады.
Арада ортақ бала бар болғандықтан, жақсы қарым-қатынастамыз", - деді Жолбарыс Сейфуллин.
Айта кетейік, бұған дейін Сейфуллин Жолбарыс ең көп гонорары қанша болғанын айтқан еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Босанғаннан кейін ішті қалай кетіруге болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!