Павлодарлық Гүлназ есімді әйел күйеуі Мысыр азаматы екенін, ол қызын ұрлап кеткенін айтты, - деп хабарлайды Elitar.kz.
Басылымға өз оқиғасын айтып берген Гүлназ Мысырда жүргенде күйеуі екеуіне ортақ қызын ұрлап кеткенін мәлімдеген.
"8 тамызда Мысырда демалып жатқан кезде жұбайым басқа қаладан келген әпкесімен кездесетіні туралы сылтаумен Қазақстан азаматы саналатын қызымды ұрлап кетті. 2 сағаттан кейін WhatsApp-қа хабарлама жіберіп, баламызбен Кот-д'Ивуарға ұшып кеткенін айтты. Қызымды қайта көргім келсе, айтқанының бәрін жасауым керегін жеткізді", - деді Гүлназ.
Оның айтуынша, бірден Қазақстанның Мысырдағы елшілігіне жүгінген. Елшіліктегілер әйелдің шағымын қабылдағаннан кейін полицияға өтініш жіберген. Бірақ ешқандай жауап болмаған.
"Қазір бұл жағдай туралы Мысыр СІМ-не ескерту жіберілді. Әзірге жауап жоқ. Осы аптада жауап келетініне уәде берді", - деді Гүлназ.
Әйелдің айтуынша, күйеуі одан 11 тамызда Қазақстанға ұшуын талап еткен. Ол 11 тамызда Қазақстанға ұшуы керегін, 5 күннен кейін Кот-д'Ивуарға виза жасатып, билет жіберетінін айтқан.
Елшілікте әйелге күйеуі талап еткендей әрекет етуге кеңес берілген. Ол Қазақстанға оралған, бірақ күйеуі сөзінде тұрмаған: билет те, виза да жоқ. Гүлназ баланың әкесі қыздарына Мысыр төлқұжаты мен азаматтығын заңсыз рәсімдей ме деп қорқады.
Осы уақыт ішінде әйел қызымен телефон арқылы бір-ақ рет сөйлескен.
"Қызым жылады, ол орыс және қазақ тілдерінде сөйлейді. Ол оны қалай түсініп жүр білмеймін. Қазір бала қайда, оны да білмеймін. Сонымен қатар, ол сотталған еді (полициямен төбелескен)", - деді әйел.
Павлодарлық Гүлназ жұбайымен 2019 жылы шаңырақ көтерген. Олардың ажырасу ойларында болмаған.
"Бәрі жақсы болды. Оның неге бұлай істегенін түсінбеймін. Мүмкін маған айла-шарғы қолдану үшін шығар. Ол Кот-д'Ивуарда бизнес бастауды жоспарлады. Біз менің үлкен қызымды мектепке дайындау үшін Қазақстанға келіп, содан кейін Кот-д'Ивуарға бірге ұшқымыз келді. Ол Мысырда тұрды, мен екі ел арасында жүрдім. Себебі үлкен қызым мектепте оқиды. Барлығы өзара шешілген. Ол біздің бұлай өмір сүруімізге ешқашан қарсы болған емес", - дейді ол.
Гүлназ жарымен Оманға іссапар кезінде танысқан. Үш жыл бірге тұрғаннан кейін күйеуінің бірінші әйелі барын кездейсоқ біліп қалған. Ол Қазақстанда некені тіркеу үшін жалған анықтама жасаған.
"Ол алғашында ажырасқанын және екі баласы барын айтты. Биыл жыл басында олардың Facebook-тегі отбасылық суретін көріп қалдым. Бұл оның әйелінің парақшасы екен. Суреттер 2021 жылғы қазанда жүктелген. Осыдан кейін арамызда жанжал шықты. Мен ажырасуға өтініш бергім келді, бірақ сәуірде бәріне көндім. Бала үшін. Оның әкесіз өскенін қаламадым", - деді әйел.
Басылым мәліметінше, туыстары мен достары Гүлназды қолдап, адвокаттар жалдап, түрлі органға жүгінген. Алайда нәтиже жоқ екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!