Бірінің миы шайқалған: Ақтөбеде жүргізушілер тұраққа таласып, төбелескен сәт видеоға түсіп қалды

Бірінің миы шайқалған: Ақтөбеде жүргізушілер тұраққа таласып, төбелескен сәт видеоға түсіп қалды
Фото: "КТК" кадры

Ақтөбеде көлік қоятын орынға таласқан жүргізушілер төбелесіп қалған. Бірі екіншісін талып құлатып, басын жарақаттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Жүргізушілердің төбелесі тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға қаланың қақ ортасындағы шағынауданда болған.

Телеарна мәліметінше, олардың бірінің миы шайқалып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Қазір ауыр соққы жасаған ер адам қамауға алынған.

"36 жастағы күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Соталды тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget